Бұл аса құнды «Зикзал» атты еңбек тек қазақ халқының ғана емес, дүниежүзілік деңгейдегі бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен саналады. Діни сауаты терең де салауатты, ислам қағидаттарын жетік меңгерген Бекасыл Биболатұлы бұл кітапты адам баласының танымын қалыптастыру мақсатында қазақы дүниетанымды исламның негіздерімен үйлестіріп жазған. Бұл еңбек – тағылымды, ғибратты мұра. Бүгінгі ұрпаққа кітапты игеру ислами ілімді терең меңгеруді талап етеді, оқырманына зор талап қоятын дүние. Кітаппен таныса отырып, Бекасыл әулиенің өмірдің тылсым сырлары мен құпияларына қатысты ислами ілімді терең меңгерген ғұлама екендігіне көз жеткізесіз!
Ғасырлар бойы ата-бабамызға рухани азық, өмір сүру қағидаты болған қасиетті ілімнен бүгінгі ұрпақтың алыстап, рухани дағдарысты кешу залалын түйсінгендей боламыз. Ислами руханияттың терең болғанын осы құнды еңбек арқылы оқырман көкірек көзімен сезіне алады. Рухани ілімді терең игерген жан ғана осындай құнды мұра жазары ақиқат. Бекасыл әулиенің Абай дананың «Көкірек көзі ашылса, хақтың түсер сәулесі» дегеніндей, қасиетті ілімге деген құштарлығы мен зор даярлығы болғандығы арқасында жаратушының ықыласы түскен ғұлама екендігі байқалады.
Бекасыл Биболатұлы өз заманында ілімге ынтық зор ынта-жігерімен Сайрам, Қарнақ, Тәшкен, Самарқан медреселерінде, сосын Бұхар-и-Шарифтың «Мір-Араб» медресесінде рухани сусындап, Шам (Сирия) еліне барып, сол дәуірдің ғұламаларынан тәлім алған ерен ілім иесі болғаны анық. Бекасыл Биболатұлы туған жерінде медресе ашып, сол аймақтың балаларын оқытқан, шығармашылықпен айналысып, көптеген кітаптар жазған. Бізге әзірге жеткені тек – осы «Зикзал».
Еңбек негізінде шағатай тілінде жазылған және араб, парсы тілдері кеңінен қолданылған, тағы түркі Қадимшенің сөздері де келтірілген. Кітаптың авторы Бекасыл Биболатұлының бұл тілдерді кәміл меңгергендігі және оларды шебер қолданғандығы анық байқалады, сондай-ақ ол осы тілдерде өлең де жазғандығының куәсі боламыз.
Мәшһүр-Жүсіптің бұл еңбекке қатысты сипаттама айта келіп: «Жеті жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың тілімен өрілген дүниеде не жоқ дейсің, арабтың да, түрктің де, парсының да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние» деп баға бергені бекер емес. Өйткені, кітапта адам баласының күнделікті өмірінде керекті пайдалы кеңестер, емдік шипалар, дұғалар, тылсымдар Құранның әріптеріне негізделген Әбжад және болжау ілімідері мен басқа да бірнеше ілімдер қамтылған.
Осы күнге дейін – «Зикзал» кітабы сияқты ерекше тәсілмен жазылған аса күрделі де маңызды әрі шоқтығы биік шығарма қазақ топрағында бұрын болмаған. Бұл еңбектегі шешімдері мен әдіс-тәсілдері айтылған тақырыптар мен мәселелер қай дәуірде болса да өз құндылықтарын жоғалтпайды. Бұл еңбек діни экспертизадан өткен, келешекте өзбек, орыс, түрк, араб және ағылшын тіліне де аударылады.
2018 жылы Астана қаласында Бекасыл әулие атындағы жеке қор құрылды. Ол қордың мақсаты – Бекасыл Биболатұлының еңбегін бүкіл адамзатқа кеңінен таныстыру. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін, Қорға ұйымдастырушылық, ғылыми зерттеушілік және қаржылай көмек көрсеткілері келетін қоғам қайраткерлерімен, демеушілерімен, меценаттармен өзара сындарлы әрекет жасау, ауқымды ғылыми еңбектер мен оқулықтар шығару, қысқа метражды фильмдер мен видеороликтер түсіру, ғылыми конференциялар мен кездесулер өткізу, жұртшылыққа өз жұмыстары туралы хабарлап отыру.
Қорға түскен қаржы тек қана қордың жарғысыда көрсетілген мақсаттарға ғана жұмсалады.
Оның реквизиттері:
"Бекасыл әулие" жеке қоры,
БИН 180940015789,
ИИК KZ616010111000112921,
"Қазақстанның Халық банкі" АҚ,
БИК: HSBKKZKX.
КІТАПТЫ ОҚУ: Бірінші кітап, Екінші кітап
Кітапқа байланысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар үшін:
+77011010150
Email: bekasyl_bibolatuly@mail.ru
Кітапты толық көшіріп алу: ЗИКЗАЛ. Бірінші кітап 3500,00 теңге
Кітапты толық көшіріп алу: ЗИКЗАЛ. Екінші кітап 3500,00 теңге
Жекеленген бетті көшіріп алу:
ЗИКЗАЛ. Бірінші кітап. /бет номері/ әр беті 100 теңге
ЗИКЗАЛ. Екінші кітап. /бет номері/ әр беті 100 теңге